Білім мен тәжірибе алмасу

Атырау Бизнес және құқық колледжінің қай мамандығында оқитын студенттер болса да, міндетті түрде іс-тәжірибеден өтеді.

Тәжірибе кезінде білім алушылардың теориялық білімдері бекітіледі және нақтыланады, таңдаған мамандығының біліктілігін және дағдыларын игереді.

        Тәжірибенің мақсаты — білім алушылардың теориялық оқыту процесі кезінде алған білімін тереңдету және оны бекіту, мамандық бойынша практикалық жұмысқа қажетті біліктілік, дағды және тәжірибені жинақтау, болашақ еңбек қызметіне түлекті дайындау, кәсіптік бейімделу кезеңін қысқарту, өзіндік зерттеу жұмысын дамыту.