Оқу үдерісі

Оқу үдерісін ұйымдастыру колледж қызметінің барлық түрлерінің негізі болып табылады. 

Колледжде білім беру қызметі мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады.

Колледждегі сабақтар оқу жылына арналған оқу жұмыс жоспарына сәйкес өтеді.

— Сабақ кестесіне сәйкес студенттердің сабаққа қатысуы міндетті болып табылады.

— Колледждегі оқу жылы екі семестрге бөлінеді

— Қысқы сессия желтоқсан айында өтеді және ол аяқталғаннан кейін екі аптаға созылатын қысқы демалыс басталады.

— Жазғы сессия мамыр-маусым айында, ал жазғы демалыс шілде және тамыз айларында өтеді.

— Әр семестрдің соңында аралық аттестация қорытынды сынақтар мен емтихандар түрінде (емтихан сессиясы) өтеді.

Әр күнтізбелік ай аяқталғаннан кейін барлық пәндер бойынша аттестация алынады.